Орталық қандастарымыздың ең көп шоғырланған Зейтинбурны ықшамауданында тұр. Шетелдік қандастарымызбен елдегі мәдени-гуманитарлық және іскерлік саладағы түрлі жобаларды тікелей жүзеге асыруға арналған нысан жергілікті қазақтардың білім және зерттеу қауымдастығы ғимаратында орналасқан. «Абай» мәдени-іскерлік үйінің жұмысы жайлы осы елдегі тілшіміз Меруерт Қанағат тарқатсын. Меруерт Қанағат, тілші: - Төрткүл дүниеде қаракөз қазақтарымыздың 250-ден астам бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдары бар. Алайда шартарапта қызмет көрсететін бұл орындардың ортақ жүйесі жоқ. Отандастар қоры аталмыш нысандарды біртұтас желіге біріктіру үшін қазақ диаспоралары өмір сүретін қалаларда «Абай» мәдени-іскерлік үйін ашуда. Қалыбек Қобландин, «Отандастар қоры» КЕАҚ президентінің кеңесшісі: - Бұл мәдени- іскерлік іс-шараның екіжақты байланысы бар. Ең алдымен мұнда шетелде жүрген қазақ қандастарымыздың ұлттық мәдени ұйымдарының басын бір жерге қосып, қарым-қатынасты әрі қарай жақсарту. Екіншіден, сол елдегі тұрып жатқан өзіміздің қандастар ғана емес, сол елдің халқымен өзара ынтымақтастық қатынасымызды нығайту болып табылады. Түркияда 25 мыңдай қазақ диаспорасы өмір сүреді. Отандастарымыздың әртүрлі қалаларда бірнеше қоғамдық ұйымдары бар. Дегенмен, бәрінің басын біріктіретін ортақ мекен жоқ. Сондықтан «Абай» мәдени-іскерлік үйінің Ыстамбұлда ашылуы маңызды. Әлім Байел, ҚР Ыстамбұлдағы бас консулы: - Ыстамбұл – қазақ үшін, қазақ елі үшін маңызды жер. Жалпы түркі жұрты үшін маңызды, бағыналы орда. Бұл жерде кезінде түркі ынтымақтастығы үшін қызмет еткен тұлғалар тұрған. Өзіміздің Мұстафа Шоқай да бар. Тоғыз жолдың торабында орналасқан шаһарда қандастарымыз мекендеп отыр Ертолқын Гайретуллах, Қазақтардың білім және зерттеу қауымдастығы басшысы: - Түркияда 25 мыңнан астам қазақ диаспорасы өмір сүреді. Олардың 10-ға жуық түрлі бірлестіктер мен қоғамы бар. Басым бөлігі Ыстамбұлда. «Абай» мәдени-іскерлік үйі аталмыш барлық қоғамдық ұйымдардың басын біріктірмек. Бұл біз үшін өте қажетті. Болашақтағы мақсатымыз – бұл іскерлік үйін «Абай» мәдениет және Қазақстан сауда орталығына айналдыру. Игі бастама, «Абай» мәдени-іскерлік үйіміз құтты болсын Онлайн форматта өткен іс-шарада Абай» мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, Түркиядағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Айта кетейік, «Абай» мәдени-іскерлік үйі биыл Ресейдің Омбы және Өзбекстанның Ташкент қалаларында ашылды. Жыл соңына дейін олардың қатарына Қырғызстан мен Германия да қосылмақ.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
KATEAD
Tarih : 30 Ekim 2020
Derneğimiz ile ilgili haberleri ve gelişmeleri Facebook'tan takip edebilirsiniz
Kazakistan Dışişleri Bakanlıgının resmi sitesini buraya tıklayarak ziyaret edebilirsiniz.