Тіл төңірегіндегі түйткілдер


Тіл төңірегіндегі түйткілдер / Қожабаева Динара Абылайқызы

Тіл төңірегіндегі түйткілдер

Саған айтам қазақтың қара көзі,

Басталды ғой заманның жаңа кезі.

Үйрет оған өз тілін, ана тілін,

Басқа тілді үйреніп алады өзі.

Ақын Тұманбай Молдағалиевтің көп жыл бұрын жазған осы өлеңінің өзектілігі жыл өткен сайын артып отыр. Шет тілін білу жеке тұлға ретінде дамуға да, қызметтік өсуде де, ақпарат алмасуда да маңызды роль атқарары анық. Жаһандану кезеңінде нарық заңы мен бәсекелестікке құрылған қоғамда көп тіл білу қалыпты жағдайға айналды. Қазақ – тіл үйренуге қабілетті халық. Кез келген тілде акцентсіз, мүдірмей сөйлеп кететін қасиет бар.

Әрине оның барлығы жақсы. Алайда қазақ тілі жетімнің күйін кешіп, тасада қалып бара жатқан жоқ па деген сұрақ ұлтжанды азаматтарды мазалап жүргені тағы бар. Тәуелсіздікке отыз жыл толса да, осы күнге дейін қазақша сөйлей алмайтын қандастарымыз аз емес және оларға шаң жуытпай ақтайтынымыз тағы бар. Көбіне қоғамды, кеңестік дәуірді, кейде мемлекеттік саясатты кінәлаймыз. Қазақ тіліне жеткілікті көңіл бөлмейді, тиісті қолдау жоқ, мәжбүрлік жоқ деп. Әйтеуір тіл білмейтін адам кінәлі емес... 

Тіл үйренуге бар мүмкіндік жасалса да, оған қызығушылық танытпайтындарды жиі көріп жүрміз. Түңілесің де қоясың, басқа шараң жоқ.   

Бірде Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлшахар Өтебайқызының «Мені қашан қазақша сөйлейді деп күтіп жүр...» атты мақаласын кездестірдім. Мақала орыс қызы Матвеева Наталья Сергейқызы жөнінде. Оның өзге ұлтты қазақ келіндерінен ерекшелігі ұл-қызын орысша тәрбиелеуге ұмтылмай, керісінше, тілмен бірге қазақ ұлтының мәдениетін, салт-дәстүрін бойына сіңіруді мақсат еткендігінде. Оның жарына, ата-енесіне деген махаббаты ерекше болған көрінеді. Сабаққа келген сайын жаңалығын бөлісіп отыратын Наташа бірде  «атам хат жазыпты, хатында маған «атаң» деп  қойыпты, бұрын тәуелдік жалғауын білмейтін кезде түсінбейтін едім, қазір тәуелдік жалғауының тәуелділікті (жақындықты) білдіретінін білемін. Атаң деген жолды көргенде мен қатты қуандым. Неге десеңіз, атам мені  қабылдағаны ғой» деп мәз-мейрам болып, қуанышымен бөлісіпті. 

Қандай жағдай болмасын «әулетім мені қашан қазақша сөйлейді екен,-деп күтіп жүр ғой, нәтиже көрсетуім керек» деп тапсырмаларды ерекше ынтамен орындайтын көрінеді. Шынайылық бас идіреді ғой.

«Сары қызбен кездескен әр сабақтан соң біздің кейбір қыздарымыз осы қыздан үлгі алса ғой деген ойдың келгенін де жасырмаймын. Тілді де құрметтейді, жөнін біледі, ата-енесі мен күйеуіне деген ықыласы ерекше. Отбасына сіңу үшін барын салып, «ата+ң»  деген сөздегі тәуелдік  жалғауына қуанып, қызметін істеп жүр» дейді Г. Өтелбайқызы.

Автор өз мақаласын былай қорытындылаған: «Бұл Наташаның адамдық парызы, ұлтқа деген адалдығы. Соңғы рет хабарласқанында өзіміздің салт-дәстүріміз бен мәдениетіміздің дамуына үлесімді қосамын,- деді. Бұл енді Наташаның қоғам алдындағы азаматтық парызы. Мен қуандым. Тіліміз бен дәстүрімізге адал осындай шәкіртімнің болғанына. Тілді осылай сүйіп құрметтеу керек, біздің қазаққа. Әр қазаққа». https://cloud.mail.ru/public/iLWC/EizXd9on6     Әрбір қазақстандаққа, шеттегі қандастарға, елдегі ана тілін білмейтін шалақазақтарға осындай «ықыласпен көңілге тоқуды» қалай жүзеге асыруға болады?!   Осы бағытта кешенді жұмыс жүргізу – уақыт талабы! Елден жырақта жүрген қазақтар да тіл мәселесіне алаңдаулы. Проблеманың бар екендігі, бар болғанда да күрделі екендігі айдан анық. «Сол проблеманы шешудің жолы қандай, Түркияда жүріп біз қандай үлес қоса аламыз» деген ой жетегінде жүрген шеттегі қандастарымызға жиі куә боламын. Қытай, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі бауырларымыздың жөні бір бөлек. Түркия мен Европа жақтағы қазақтардың тілді, тілмен бірге ұлттық құндылықтарды ұмытып бара жатқаны дабыл қағарлық мәселе.   Біздің пікірімізше, батыс тараптағы тілді сақтаудың бір жолы – қазақ тілін түркі халықтарына ортақ тіл ету идеясына күш салу.  Жалпы  түркі әлемі …

KATEAD

Tarih : 12 Mayıs 2022

Haberlerimiz

Kazakeli Dergimizin 27. sayısı çıktı. Tıklayın

Kazak Dünyasındaki Gelişmeleri Takip edin

Derneğimiz ile ilgili haberleri ve gelişmeleri Facebook'tan takip edebilirsiniz

Kazakistan Dışişleri Bakanlığı Resmi Web Sitesi

Kazakistan Dışişleri Bakanlıgının resmi sitesini buraya tıklayarak ziyaret edebilirsiniz.