Абайдың сүйікті ойыны - тоғызқұмалақ«Қазақ елі» журналының Қазақстандық тілшісі Қожабаева Динара
Қазақ көшпенді халық болғаны белгілі. Сол көшпенді өмірге бейімделген тұрмысы мен бай дәстүрі бар. Қазақтың мал шаруашылығымен байланысты ұлттық ойындары да жетерлік. Терең ойды талап ететін сол ұлттық дәстүрлі ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Ол – ақыл-ой ойыны. Ойын танымдық, эстетикалық, спорттық, тіпті ғылыми аспектілерге ие. Тоғызқұмалақтың емдік қасиеті де бар, себебі ол жасөспірімдер миын дамытады. Сондықтан ойын жергілікті, ұлттық деңгейден асып, әлемдік маңызға ие болуда. Бұл ойын ақыл-ойды дамытып қана қоймайды, ойыншыны тәртіпке үйретеді. Тоғызқұмалақ ойнаған бала өскен соң күнделікті жоспарын оңай құра алады, кез келген жағдайда өзін тұлға ретінде көрсетеді, белгілі бір оқиғаға байланысты өзіндік ұстанымы, көзқарасы болады.
Ойынның шығу тарихы туралы нақты қандай бір дәлме-дәл дерек жоқ. Алайда зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша ойын осыдан 4000 жыл бұрын пайда болған деседі. Тоғызқұмалақ көшпелі қазақтың өмірінен көрініс беретін бірден-бір ойын. Ерте кезден-ақ халық жерден арнайы отау қазып, ойын жүрісі үшін малдың құмалақтары немесе қиыршық тастарды пайдаланған. Бүгінге дейін сақталған тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де осы ойынның өте ертеде пайда болғанынан хабар береді. Бұл ойынның алғашқы көріністері болып табылады. Кейін заман ағымына сай арнайы тақталар пайда болып, ойынның өзіндік ережелері беки түсті.
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілері мен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтыны осы ойынның өзі дәлел бола алады. Жасөспірімдердің дене күшінің мықты болуымен қатар ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан.
Әрине, бұл ойынның ерекшеліктерін түсіну үшін сіз оны ойнауыңыз керек, ережелерді нақты білуіңіз керек, өйткені онда терең философиялық мағына бар. Тоғызқұмалақ ойы
ны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Ойынның ережелерімен толық танысып, қарсыласпен бақ сынап көргіңіз келсе, https://qumalak.kz/ сайтында онлайн жүйеде ойнайтын бағдарлама бар.
KATEAD
Tarih : 12 Mayıs 2025
Derneğimiz ile ilgili haberleri ve gelişmeleri Facebook'tan takip edebilirsiniz
Kazakistan Dışişleri Bakanlıgının resmi sitesini buraya tıklayarak ziyaret edebilirsiniz.